Талдықорған қаласындағы «Қызыл тас» саяжайын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған қаласындағы «Қызыл тас» саяжайын су басты

23.02.2018

Таудың еріген қар суы етегінде орналасқан тұрғын үйлерге ойысып, аулаларына кірген. Бірнеше саяжай учаскесі су ортасында қалған. Дереу шара қолданғанның нәтижесінде суды қайтаруға мүмкіндік туды. Ал судың жайылуына суағарлар мен каналдардың күл-қоқысқа толып, арықтардың тазаланбауы себеп. Қазір оқиға орнында 50-ге жуық адам мен 10 шақты техника жұмыс істеп жатыр. Шығын көлемі анықталуда. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу