«Қазақ елінің әскери қуаты заман талабына сай дамуы керек». Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Парламент депутаттары осылай деп отыр. Мәжілістің бір топ депутаты бүгін Әулиеата өңіріндегі әскери құрылымдардың хал-ахуалымен танысты. Халық қалаулылары бірнеше әскери бөлімге барды. Соғыс құралдарының көбі кеңестік кезден келе жатқан құрылғылар. Алайда, барлығы жаңартылған. Жуалы ауданындағы 91/678 әскери бөлімі де назардан тыс қалмады. Депутаттар ондағы заманауи техника мен сарбаздардың дайындығына оң бағасын беріп, атты әскердің өнерін тамашалады. Сонымен қатар, даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Жалғас САҢҒЫЛ