Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Адамның араласуынсыз, автоматты түрде жүргізілетін іс-шараны қолға алу - Елбасы Жолдауынан туындайтын міндет. Жақында өткен кеңейтілген кеңесте Президент кәсіпкерлік саласындағы заңсыз тексерістірді азайту мәселесін қайта көтерген еді. Соңғы 5 жылда заңсыз тексерудің үштен екісі қысқарған. Бизнестің өзін-өзі реттеу жүйесіне қатысты да жұмыс ширатылуы тиіс
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
- Соңғы 2012 жылдан бастап, реттеу саласында 1300-ге жуық реттеу қағаздары болса, содан қазір 300-ақ қалды. Яғни, 4 есе төмендеді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ