Цифрлы жүйе ауылдарға да жетуі қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлы жүйе ауылдарға да жетуі қажет

20.02.2018

Жолдауда жүктелген міндеттер елдің барлық ауылында іске асуы үшін аймақтық басылымдар белсенді жұмыс істеу қажет. Алматыда бас қосқан сарапшылар осыны айтты. Мамандардың сөзінше, шалғай елді мекендердің жаһандық даму үрдісіне ілесіп, сандық жүйенің жетістіктерін меңгеруі аса маңызды. Бұл тұрғындардың еңбек белсенділігі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын артырады. Сондықтан, ауылдарды әлемдік ғылыми-инновациялық жобалардың жетістігін игеруге ынталандырудың жолдарын қарастыру керек.  

Асыл Сағымбеков, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы:

- Қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында түрлі саланың сарапшыларын тыңдадық. Мәселен, агроөнеркәсіп саласының мамандары. Олар Елбасы Жолдауындағы 10 бағыт бойынша өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін атқарылуы тиіс жобалары туралы айтып берді.  

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу