Қоғамдық денсаулық сақтау ісін күшейту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық денсаулық сақтау ісін күшейту қажет

14.02.2018

Денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық» бағыты жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Аталған мақсатқа жету үшін Жолдауда жүктелген қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту қажет. Салаға жауапты министрлікке осыны ескерткен коммиссия мүшелері кепілдік берілген тегін медициналық көмектің жаңа модельін енгізу мәселесін тездету керектігін айтты. Ал, қоғамдық денсаулықты насихаттайтын Салауатты өмір салты орталықтарының жекешеленуі бірқатар облыстарда теріс нәтиже беруде.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгін біз салауатты өмір салты саласы бойынша айтқымыз келіп отыр. 2015 жылдан бастап осы мекемелер жекешелендіріліп, тек 1-2 облыстарда ғана қалды. Бұрынғыға қарағанда соңғы 2 жылдың ішінде бұл жұмыстың сапасы төмендегенін атап айтуға болады.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу