Шығыс Қазақстан облысында қой жүнін қабылдау бекеттері ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында қой жүнін қабылдау бекеттері ашылады

14.02.2018

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында қой жүнін қабылдау бекеттері ашылады. Жиналған шикізат Абай ауданында өңделеді. 90-шы жылдардың басында жұмыс істеген шағын мекеме былтыр қытайлық инвесторлардың қолдауымен қайта іске қосылған болатын.

Қазір фабрика жұмысы жанданып, іс ілгері басып келеді. Өткен жылы 250 тонна қой жүні жуылып, соның жартысына жуығы Қытайға экспортталған. Бүгінде бұл облыс бойынша осы бағытта жұмыс істеп тұрған жалғыз өндіріс орны. Абай ауданында қой шаруашылығы жақсы дамығанымен, шикізат тапшылығы бар. Сондықтан, көрші аудандардан қой жүнін қабылдау пукттерін ашу көзделіп отыр. Кәсіпкерлер жүннің келісін 80-100 теңгеден сатып алуға дайын. 

Жарқынбек Байсабыров, Абай ауданының әкімі:

- Күніне 3 тонна қой жүнін жуып, тазалайтындай жағдай бар. Былтыр 250 тонна жуған екен. Себебі, шикізат аз. Ал, биылғы жылы жүн қырқу маусымы басталғаннан бастап жұмыс жасасақ, өндірістік қуатына жеткіземіз деген жоспар бар. 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу