Осыған орай, 400 мыңға жуық төрт түлікке екпе жасалады. Қауіпті ауру бүгінде көрші Ресейде белең алып барады. Індет маса арқылы малға жұғады. Бірақ, адамға қауіпті емес. Былтыр 100-ден астам ірі қарада тері қабынуының алғашқы белгілері анықталған. Кешенді емдеу шараларының арқасында инфекция ауыздықталды.