Ақтөбе облысында мал ауруына байланысты карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында мал ауруына байланысты карантин жарияланды

13.02.2018

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қаратал және Кемер ауылдарында карантин жарияланды. Мұнда ірі қара мен ұсақ малдан бруцеллез ауруы анықталған. Қазір амалы таусылған тұрғындар ауру малды арнайы пункттерге тапсыруда. Ауданның атқамінерлері мәлімдегендей, малдың 70 пайызынан қан алынған. Індетті ауыздықтау шаралары ақпан айының соңына дейін жалғасады.  

Кеңес Қанатбаев,  облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда алдын алу іс-шаралары шектеу бойынша жүргізіліп жатыр. Оны республикалық эпизотиялық отряд жүргізеді. Кемер елді мекенінен 22 бас, Қаратал елді мекенінен 68 бас бас ауру мал анықталды. Бұлар санитарлық убойға тапсырылып жатыр.

16 облыс бойынша жылдағы тексеріс барысында 0,7- 0,5 пайыз ірі қарада бұл дерттің кездесетінін алға тартқан Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер бұл дабыл қағатындай жағдай емес деп отыр. Ал, арнайы тексеріс барысында ауру болып шыққан малды иесі бес күн ішінде санитарлық орталыққа тапсыруы тиіс. Ол үшін арнайы өтемақы төленеді.

Сәкен Қалқаманов, ҚР АШМ баспасөз хатшысы:

- Дабыл қағатындай жағдай жоқ. Әрине, малдың ауырғаны дұрыс емес, дегенмен бруцеллезбен ауырған малдың етін санитарлық орталықта өңдеуге де болады. Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз.  

Хабарламаларға жазылу