Кедендік баждарды бөлу туралы құжат қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендік баждарды бөлу туралы құжат қаралды

13.02.2018

Сенат комитетінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін кедендік баждарын бөлу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. Құжаттың негізгі мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің баждарды бөлудегі бірдей тәсілін қамтамасыз ету. Хаттаманы ратификациялау мемлекеттердің бюджеттеріне баждарды тұрақты бөлу мен есепке жатқызуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу