Атырау облысында заңсыз мигранттар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында заңсыз мигранттар ұсталды

13.02.2018

Атырау облысында 3 автокөлікке жолаушыларды шамадан тыс отырғызып, тасымалдаған Өзбекстан азаматтары ұсталды. Көлік салонын қайта жабдықтап, 7 адамға арналған шағын автобусқа 15 жолаушыны сыйғызған. Жүргізуші Маңғыстау облысынан шығып, Ресей Федерациясының Астрахань қаласына бара жатқанын айтты. Бұлардың  ізінше, республикалық маңызы бар «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолы бойында тағы  2 автокөлік ұсталды. Полиция қызметкерлерінің күшімен барлық жолаушы жылы жерге орналастырылды. Одан әрі көші-қон полициясының күшімен Ресей Федерациясына жеткізілмек. 

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хатшысы:

- Аталған автокөліктердің де 3 жүргізушісі – Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590,593-баптарына сәйкес барлығы 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 697 заңбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу