Қазақстанда дағдарыс жоқ - Руслан Дәленов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда дағдарыс жоқ - Руслан Дәленов

12.02.2018

«Қазақстанда дағдарыс жоқ». Бұл Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленовтің сөзі. Жалпы, өткен жылы экономиканың сан саласы қарқынды дамыды. Экономиканың өсім көрсетуіне шикізаттық емес сектордың дамуы айтарлықтай үлесін қосты. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 100 мыңнан астам отбасы баспанаға ие болды. Былтыр 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдаға берілді. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Жаңадан 120 кәсіпорын іске қосылды. Соның арқасында 10 мың адам жұмыс тапты.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі: 

- Еліміздің экономикасы 4 пайызға өсті. Ол әлемдік экономиканың өсімінен де көп. Өйткені, әлемдік экономика 3,6 пайызға артқан болатын. Біздің еліміздің экономикалық өсімі тіпті көрші жатқан елдер мен Еуропа елдерін де артта қалдырды. 2016 жылы 22 ішкі салада оң көрсеткіш байқалса, 2017 жылы 31 салада оң өсім бар.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу