Оралдағы түзету мекемесінде ерекше көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы түзету мекемесінде ерекше көрме өтті

12.02.2018

Жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатқандардың арасында жаңқаға жан, темірге тіл бітірген  хас шеберлер бар. Оралдағы  түзету мекемесінде ерекше көрме өтті. Көрмеге бас-аяғы 40 жуық экспонат қойылды. Домбыра, үй жиһаздары, шахмат тақтасы, қыз жасауы мен ағаштан ойып жасалған түрлі кәдесыйлар бар. Жазасын өтеушілер жарық диодты шамдар жасауды да қолға алған. Қапаста жатып, көркем дүниелерді тудырған азаматтар осылайша, еңбекпен шұғылдануда. Қазір түзету мекемесінде 400-ге жуық адам жазасын өтеп жүр. Олардың 70 пайызы еңбекпен қамтылған.

Хабарламаларға жазылу