Қазақ оқырманы қандай кітаптарды оқып жүр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ оқырманы қандай кітаптарды оқып жүр?

10.02.2018

Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал, миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті»,- депті. Кітап оқу мәселесінің маңызға ие болғаны сонша, оқырмандардың санын есептейтін «World Culture Score Index» халықаралық рейтинг орталығы құрылды. Әдеби кітаптар мен көркем шығармаларды ең көп оқитын адамдар Үндістанда тұрады екен. Бұл елдің әр азаматы аптасына 10 сағат 22 минутын кітап оқуға жұмсайды. Екінші орында таиландтықтар  - аптасына 9 сағат 24 минуттарын оқуға арнайды. Үшінші сатыда қытайлықтар - олар аптасына 8 сағат кітаптан бас алмайды екен. Бұл тізімнің ерекшелігі, оқылған кітаптардың тек саны емес, оның мазмұны ескеріледі. Сондықтан, фантастика мен атыс-шабыс, ертегіге құрылған бестселлерді басына жастап жаттайтын Америка мен Еуропа жұрты үздіктер тізімінен тыс қалған.

Бізде қалай? Жұрттың талғамы көбіне «Қайткенде бай боламын?», «Қайткенде табысқа жетемін?», «Қайткенде бақытты боламын?» деген тілге жеңіл, санаға сәуле құймайтын кітаптардан әріге бармай тұр. Сатушылар солай дейді.

Рим философы Луций Сенеканың: «Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді. Мұны көбі біледі, мойындайды, бірақ, өздері амал етпейді» дегені тап бүгінге арнап айтылғандай.  Осы тақырыпты «Мәселенің» тілшісі Гүлжазира Ғалиқызы зерттеді.

Хабарламаларға жазылу