Елімізде жемқорлық деректері азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жемқорлық деректері азайып келеді

08.02.2018

Жекеменшік сот орындаушылары институтын құру жемісін беріп жатыр. Бұл туралы бүгін Әділет министрлігінің алқа отырысында айтылды. Сот актілерін орындау бойынша халыққа жекеменшік тұлғалардың қызмет көрсетуі жемқорлық деректерінің 2 есеге жуық қысқаруына сеп болған. 2016 жылы аумақтық әділет органдары қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғалса, былтыр бұл көрсеткіш 10-ға дейін қысқарған. Бұдан бөлек, бармақ басты, көз қыстылыққа Елбасы Жолдауында көрсетілген цифрландыру үрдісі де тұсау болып отыр. Жұмыс барысына қызметкерлердің қатысы аз болған сайын олардың заң бұзу әрекеттері де кемитіні сөзсіз. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу