Астанада Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында ашық есік күні басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында ашық есік күні басталды

07.02.2018

Ондағы мақсат - тұрғындарға әлеуметтік қызметтер мен өтемақылар туралы кеңінен ақпарат тарату. Бүгін бұл салада биыл өзгерістер бар. Яғни, жұмысты жоғалту бойынша берілетін өтемақы мөлшері өсуі мүмкін. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмысты жоғалту бойынша берілетін әлеуметтік өтемақы мөлшерін өзгерту туралы заңнамаға өз ұсыныстарын енгізуге ниетті. Бұл жайында ашық есік шарасы барысында да баяндалды. Тұрғындар өздеріне ұсынылған мұндай мүмкіндікті белсене пайдаланды.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу