Бүгін елорда да өткен бизнес форумға арнайы келген Грекия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгеос Катругалос осылай деді. Шараға екі ел кәсіпкерлері мен мемлекеттік орган басшылары қатысты. Жалпы, Қазақстан мен Грекия экономиканың сан саласында серіктестік орнатқан. Қазірдің өзінде Ақмола мен Маңғыстау облыстары және Қапшағай қаласында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Негізінен мемлекеттер туризм, құрылыс, телекоммуникация, логистика және ауыл шаруашылығы саласында берік байланыс орнатқан.
Георгеос Катругалос, Грекия СІМ бірінші орынбасары:
- Жекеменшік сектордағы екі елдің кәсіпкерлерінің бір-бірімен байланысуын қамтуымыз қажет. Біз мемлекеттік деңгейде оларды жан-жақты қолдаймыз. Бүгін осы бағытта өзара тәжірибе алмасу үшін бас қостық.
Ғабит БӨКЕНБАЙ