ОҚО-да деструктивті діни ағымның 12 өкілі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да деструктивті діни ағымның 12 өкілі ұсталды

01.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері бірлесіп, бір тәулік ішінде діни теріс ағымның өкілі саналатын 12 азаматты тұтқындады. Олар өңірдегі 6 аймақтың: Шардара, Созақ, Түлкібас аудандары мен Түркістан, Кентау, және Арыс қаласының тұрғындары. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің айтуынша, күдіктілер ғаламтордағы әлеуметтік желілерді пайдаланып, көпшілікке экстремистік идеологияны насихаттайтын материалдар таратқан. Осы әрекеті үшін бұл азаматтарға әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылды. Үстілерінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу