Ішкі табыстың сегіз пайызы көлік секторының үлесінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі табыстың сегіз пайызы көлік секторының үлесінде

30.01.2018

Бұл туралы бүгін көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру жөніндегі республикалық кеңесте айтылды. Қазір еліміздің транспорттық-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында нақты бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асты. Басты мақсат - Қазақстан өзінің көлік дәлізі арқылы еселеп табыс табу. Атқарылған жұмыс нәтижесінде соңғы 10 жылда осы бағытқа жұмсалған инвестиция көлемі 30 млрд долларға жетті. Екі мың шақырымнан астам темір жол салынды. Автомобиль жолдарының 6,5 мың шақырымға жуығы қайта жөнделді.

Республикалық кеңестің жұмысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен өтті. Алдағы жылдарға нақты міндеттер жүктелді. 2025 жылға қарай 5 мың шақырым жолды жөндеп, іске қосу жоспарланды. Мұнымен қоса, темір жол арқылы Еуропаға дейін тауар жеткізу көлемін ұлғайту бойынша іс-шаралар бекітілді. 

Қанат Алпысбаев, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ президенті:

- «Қазақстан темір жолы» компаниясының алдында тұрған басты міндеттің бірі - экспорттық тауар тасымалы үшін барлық жағдайды жасау. Қолдан вагон тапшылығын туындатуға жол бермеу. Қойылған тапсырма бойынша елдер арқылы 2020 жылға дейін тасымалданатын контейнерлер санын 2 млн-ға жеткіземіз. Бұл 5 млрд доллар табыс табуға мүмкіндік береді.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу