Архив құжаттары цифрлы форматқа көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Архив құжаттары цифрлы форматқа көшіріледі

29.01.2018

Еліміздің архивтерінде сақталған құнды құжаттар енді бірыңғай электрондық жүйеге көшіріледі. Осы бағытта арнайы портал ашылып, мұрағатта сақталған сарғайған қағаздар сандық форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивте өткен жиында айтылды. Елбасының Жолдауын талқылаған мамандардың сөзінше, архивтегі ақпараттарды азаматтардың оңай әрі ыңғайлы алуы үшін бұл жобаның маңызы зор.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда 200-ден астам архив орталығы жұмыс істеп тұр. Ал, оларда жиналған миллиондаған құжаттарды сақтап, қоғамға қолжетімді қылу үшін цифрлық форматқа көшіру ең тиімді іс болмақ.

Данияр Мұқатаев, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры:

- Біздің архив мекемемізде 1,5 миллионнан астам құжат бар. Сол құжаттар бойынша цифрлық түрге көшіру жұмыстары басталуда. Келешекте базаға енгізуге бар күшімізді салуға тырысамыз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу