Павлодар облысы мен ШҚО-да Салық кодексіндегі өзгерістер түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы мен ШҚО-да Салық кодексіндегі өзгерістер түсіндірілді

26.01.2018

Жыл басынан бері елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енді. Бүгін жаңа заң жобасындағы нормаларды түсіндіру үшін Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының өкілдері, мемлекеттік Кірістер комитеті мамандары Өскеменде көшпелі семинар өткізді. Оған Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының салық төлеушілері жиналды. Жаңа заңнамаға горизонтальды мониторинг, тәуекелді басқару жүйесі секілді ұғымдар енді. Сонымен қатар, арнаулы салық режимдеріне тіркелген шегерімдер деп аталатын жаңа салық режимі тағы бар. Ерекшелігі сол, басқа арнаулы салық режиміне қарағанда, онда тек табыстар есебі ғана емес, шығыс есебі де жүргізіледі.

Дархан Есеналиев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:

- Осы арнаулы салық режимін қолданған кезде салық төлеушілерге берілетін ең негізгі жеңілдік - 30 процент негізінде шегерімге апару құқығы беріледі. Бірақ, 30 процент негізіндегі шегерімге апару құқығы берілген кезде жалпы шығыстардың 70 процентінен аспауы керек.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу