Автобустың 3 жүргізушісі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автобустың 3 жүргізушісі қамауға алынды

25.01.2018

Ақтөбе облысының аймағында өртенген автобустың 3 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу барысында олардың өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны анықталды. 3 жүргізуші де күдікті деп танылды. Қылмыстық іс Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуратурасына жүктелді. Ал, тергеу барысы Бас прокурор және Ішкі істер министрлігінің бақылауында болмақ. Аман қалған өзбекстандық екі жолаушының еліне қайтуына да әзірге рұқсат жоқ. Тергеуге куә ретінде тартылған олардан қазірде жауап алынып жатыр. Өзбекстан азаматтары қазір ауруханада. 

Райгүл ЕНШІБАЙ

Хабарламаларға жазылу