Туризмнің табысын еселеуге зор мүмкіндік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризмнің табысын еселеуге зор мүмкіндік бар

25.01.2018

Еліміздің туристік және транзиттік әлеуетін арттыру үшін қытай азаматтарының визасыз келуіне жол ашылуы мүмкін. Тек 72 сағатқа. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Еліміздің туристік әлеуетін көтеру мақсатында арнайы тұжырымдама бар. Онда көрсетілген нақты міндет бойынша 2025 жылы ішкі жалпы өнімнің 8 пайызын осы туризмнің үлесіне шығару көзделген. Ал, жұмыспен қамтылатын адамдардың санын 656 мыңға жеткізу жоспарда бар. Бұдан бөлек, еліміз арқылы жол жүретін транзиттік жолаушылардың санын өсіру жайы да қарастырылған. Мысалы, Шығыс елдерінен Батысқа қатынайтындар Алматы, Астана арқылы жүретін болса, бұл бюджетке қомақты қаржы түсіруге септігін тигізеді. Осы мақсатта Үндістан мен Қытай азаматтарына елімізде визасыз 72 сағат болуға мүмкіндік қарастырылады.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу