Ақтөбе облысы аумағы арқылы өтетін барлық жолаушылар автобустары тексерілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы аумағы арқылы өтетін барлық жолаушылар автобустары тексерілуде

25.01.2018

Ақтөбе облысы аумағы арқылы өтетін барлық жолаушылар автобустары қатаң бақылауға алынды. Жауапты мамандар жолға шығып, көліктерді жаппай тексеруге кіріскен. Әсіресе, үнемі жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген көлік жүргізушілері назарға ілікті. Самара-Шымкент тас жолы бойында мобильдік топ бір уақытта 8 жолаушы автобусын тоқтатты. Себеп әр-түрлі. Құжаты толық емес, техникалық жағдайы сәйкес келмейді. Арасында айыппұл төлеуден жалтарып жүргендер мен халықаралық тасымалға рұқсаты жоқтар да бар. Енді бірінің көлігі айыппұл тұрағына қойылып, ішіндегі 19 адам  жылыту бекетіне жеткізілді. Ондағы жолаушылардың екеуі өзбек, алтауы тәжік, он бірі қырғыз азаматтары. Шағын автобус Бішкектен Мәскеуге бет алған.

Сұлтан Мұсағалиев, Ақтөбе облыстық Көлік бақылау инспекциясының жетекші маманы: 

- Бақылау жасау үшін арнайы ереже бар. Жолаушы тасымалына қатысты заң бұзғандарды анықтаймыз. Оның ішінде көліктің техникалық байқауы, сақтандыру полисін, борт журналын тексереміз. Жол-көлік полициялары мен көлік бақылау инспекциясы бірігіп жұмыс жасаудамыз.

Райгүл ЕНШІБАЙ

Хабарламаларға жазылу