«Қолайсыз ауа райы мен қала маңындағы кәсіпорын мұржаларынан шыққан өндіріс қалдықтарынан қоршаған ортаға осындай зиян келген», - дейді сарапшылар. Он күн бойы ауаның ластануына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген арнайы жұмыс тобының құрамында эколог, синоптик, тәуелсіз сарапшылар мен прокурорлар болды.
Сараптама нәтижесі көрсеткендей, қардың құрамында көміртек, темір мен балқыған металдан ұшқан құрымның бары анықталды. Негізі ауаның 77 пайызын металлургиялық комбинат ластаған. Аталмыш кәсіпорын жылына ауаға 200 мың тонна өндіріс қалдығын шығарады екен. Қазір қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жоспары түзілуде.
Ғани Сәдібеков, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Енді барлық кәсіпорындар атмосфераның метеожағдайларына байланысты ауаға келтірілетін залалды азайту тәртібіне көшулері тиіс. Бұл үш кезеңдік режимнен тұратын болса, соның барлығын тексереміз. Біз өз кезегімізде мұны қатаң қадағалайтын боламыз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ