Елімізде соңғы 3 жылда ұзындығы 3 мың шақырымға жуық жылу, су жабдықтау құрылғылары қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты. Оның сөзінше, өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 778 шақырым болатын инженерлік жүйе салынған. Соның нәтижесінде осы жүйелердің жұмыстан шығуы 3 пайызға азайды. Биыл осындай жұмыстарды атқару үшін министрлік бюджеттен 33,4 миллиард теңге бөлініп отыр. Яғни, тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша 49 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ, ұзындығы 28,4 шақырымға созылған жылу құбырларын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі,- дейді министрлік өкілі.
Мархабат Жайымбетов, Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы:
- Жылу жүйелері бойынша 20-дай техникалық бұзушылық, су жүйелері бойынша 65-тей техникалық бұзушылық болған. Бірақ, дер кезінде жұмыс істеген. Біздің жылы үйде отырғанымыз, атқарылған жұмыстың арқасында болып отыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ