Оралда «Smart City» жобасы жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Smart City» жобасы жүзеге асады

23.01.2018

Орал қаласы алғашқылардың бірі болып Астана тәжірибесінің негізінде «Smart City» жобасын іске асырады. Бұл - Жолдауда айтылған тапсырма. Қазірдің өзінде Оралда сандық технологияға негізделген жаңа жобалар енгізіле бастады. Мектеп-балабақшаларда, аулалар мен көшелерде 3 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. «Ашық әкімдік», «Онлайн-KSK», «SMS BUS» жүйелері сәтті қолға алынды. Бұдан әрі де «Smart City» жобалары білім, медицина, қауіпсіздік, тұрғын үй салаларында кеңінен қолданылмақ. Бұған Батыс Қазақстан облысы мен Астана қаласы әкімдіктерінің өкілдері қол қойған меморандум дәлел. Сондай-ақ, кездесуде астаналық кәсіпорындардың «Қарашығанақ» кен игеруші компаниясы ұсынған инновациялық жобаларға қатысуы талқыланды.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Астананың дұрыс тәжірибесін біз өңірде іске асырғымыз келеді. Орал қаласында да «Smart Uralsk» бағдарламасын бастадық. Осы тәжірибе өте пайдалы болады деген сенімдеміз. Ал, екінші «Индустрия 4.0» бағыты бойынша «Қарашығанақ» мекемесі - үлкен инвестор. «Қарашығанақ» өткен жылы 130 млрд. теңгені қамтыды.  Осы бағытта келісімшарттарды жасадық. Ол нақты кәсіпкерлерге, өңірлердің экономикасына оң серпін береді деген ойдамыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу