Елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны азайғанымен, зорлық-зомбылық оқиғаларының көрсеткіші көңіл көншітпейді. Мәселен, 2014 жылмен салыстырғанда, өткен жылы балаларға зорлық көрсету әрекеті 5,3 пайыз, ал еркінен тыс жыныстық қатынасқа итермелеу оқиғалары 9,6 пайызға артқан. Жалпы, былтырғы жылы мұндай 250-ден аса дерек тіркеліпті. Сондықтан да алдын алу шараларын күшейту қажет. Бұл мақсатта Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры бастаған бір топ мекеме жаңа коммуникациялық жобаны қолға алды. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады. Оның алғашқысы балаларды, ата-аналарды, жалпы қоғамды жүйелі ақпараттандыру жұмыстары болса, екінші бөлімде заңға қайшы әрекет жасаған балалардың құқығын оң бағытта қорғау, қолдау және түзету. Пилоттық жоба әзірге елдегі бес қалада жүзеге асады.
Зағипа Балиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
- Заңгерлер, құқық қорғау органдары, халықаралық «ЮНИСЕФ» сияқты ұйымдар болсын, сол жобаға көңіл бөлуі керек.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ