Ауыр дертке шалдыққан балалардың ауруханаларда сабақ оқуы жеңілдей түсті. Астанадағы «Ана мен бала» ғылыми орталығында «ақылды сынып» жұмысын бастады. Жаңа бағдарлама аясында кішкентай науқастар үшін оқу үрдісі оңтайландырылды. Бөлме озық қондырғылармен жабдықталған. «Ақылды сыныптың көмегімен сабақтар тиімді әрі қызықты жүргізілетін болды», - дейді жоба жетекшілері.
Балалар сабақты жаңа форматта оқып, науқастар палаталарда жатып-ақ, сабақтарға қашықтықтан қатыса бастады. Сондай-ақ, мұндай бүлдіршіндер сурет салып, шахмат ойнау сияқты шығармашылықпен де айналыса алады. Айта кетейік, жыл сайын елордадағы «Ана мен бала» орталығында қатерлі ісік ауруларына шалдыққан 2,5 мыңдай бала емделеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ