Бірақ, ол үшін жергілікті билік алдымен шығыстың бас шаһарындағы жекеменшік трамвай паркін мемлекет меншігіне өткізбек. Бұл туралы бүгін соңғы бірнеше айдан бері билік пен бұқараны алаңдатқан қаладағы трамвай мәселесі бойынша өткен брифингте айтылды. Мәселен, көлікпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның электр энергиясы үшін қарызы 70 миллион теңгеге жуықтап қалды. «Шығысэнерготрейд» компаниясы осымен борышкерге екі рет ресми хат жолдап, электр қуатын беруді шектейтінін жеткізді. Соңғы ескертуде қарыз 23-қаңтарға дейін өтелуі тиіс делінген болатын. Соңғы мәлімет бойынша, энергетиктер ақпан айының ортасына дейін күтуге келісім берген. Оған дейін жергілікті атқарушы органдар жеке меншіктегі трамвай паркін мемлекет меншігіне өткізуді жоспарлап отыр. Муниципалды трамвай паркі құрылған соң Өскеменге Алматыдағы трамвайлар сатып әкелінбек.
Әсет Сұлтанов, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
- Қаладағы трамвай вагондарының техникалық жағдайы жаман емес. Сондықтан, жақын арада оларды Өскемен үшін сатып алып, ары қарай пайдалануды жоспарлап отырмыз.