Ақмола облысында өткен тәулікте жолда қалып қойған 120 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында өткен тәулікте жолда қалып қойған 120 адам құтқарылды

22.01.2018

Олардың барлығы - аяз салдарынан көлігі істен шыққан жүргізушілер мен жолаушылар. Қазір облыс аумағындағы ауа температурасы 35-38 градус төңірегінде. Сондықтан, дизельді отынмен жүретін көліктер үшін жолға шығуға шектеу қойылған. Аймақта 272 жылу бекеттері бар. Мамандар тұрғындарға бұл күндері жолға шықпауға кеңес береді.

Олег Малюк, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:

- Өткен түнде Ақмола облысының Шортанды ауданында жолаушылар автобусы жолда қалды. Көліктегі 42 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Сондай-ақ, Есіл ауданында да автобустың жолда қалу дерегі тіркелді. Екі жағдайда да көліктердің жанармайы қатып қалған. Аяздан зардап шеккендер жоқ. Аяз бір апта сақталады, сондықтан тұрғындарға абай болу керектігін ескертеміз. 

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу