Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен мекеме басшылары 13 млн. теңге айыппұл төлейтін болды. ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы тексеру нәтижесі бойынша 400-ге жуық нұсқама шығарып, 30-ға тарта нысанға айыппұл салған. Заңнамаға сай, аса маңызды нысандар арнайы қоршалып, өткізу бекеттері мен 1 айлық жадынамасы бар бейнекамералармен, дабылқаққыштарман қамтылуы шарт. Тәртіп сақталмаған күнде нысан иесіне 240 мың теңгеден бастап, 1 млн. 200 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. 1 ай ішінде олқылық жойылмаса, сот шешімімен қосымша айыппұл немесе нысанды жабу туралы шешім шығарылады.
Спартак Қабденов, СҚО ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:
- Облысымызда 600-ден астам террористік тұрғыда осал объектілер бар, олардың барлығы өткен жылы тексеріліп өтті. Тексеру қорытындысы бойынша 30 шақты объектінің бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік кодексте 100 АЕК-тен 500 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылған.
Самат САПАРАЛЫ