Отандық дизайнерлер Париждегі сән апталығына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық дизайнерлер Париждегі сән апталығына қатысады

18.01.2018

Отандық дизайнерлер Парижде өтетін «Oriental Fashion Week» сән апталығына қатыспақ. Мәдени шара Франция астанасында 24-25 қаңтар күндері өтеді. Бұл - Азия сән әлемінің көрнекті өкілдері бақ сынайтын айшықты апталық. Биыл оған 80 дизайнер қатысуға ниет білдірген. Біздің елден 4 дизайнер өз туындыларын талғампаз көрерменнің талқысына ұсынады. Олар «ұлттық нақышта жасалған топтамалардың ұлттық кодты сипаттайтынын» айтады. Сол себепті, сән отанындағы көрсетілімді «Рухани жаңғыру» ұранымен өткізуді ұйғарған.

Динара Сәтжан, сән продюсері, тележурналист:

- Қазақстанды бүкіл әлем таныса дейміз. Президент Жолдауын, мақаласын мұқият зерттесеңіз, ол замандастарға біздің қолымыздан көп нәрсе келетінін шетелге көрсетуіміз керек деген. Ал, сән әлемі – өз еліңді танытудың ең түсінікті тілі. Бұған дейін біз топ болып, Мәскеу сән апталығында табысты өнер көрсеттік. Бұл жолы да олжалы ораламыз деп сенемін.

Хабарламаларға жазылу