Павлодарда екі аптада 6 адам өрттің құрбаны болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда екі аптада 6 адам өрттің құрбаны болды

16.01.2018

Павлодарда қаңтардың алғашқы екі аптасында өрт оқиғалары жиілеп кетті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, аса ірі көлемде 35 өрт тіркеліп, 6 адам қаза тапқан. Қайғылы жағдайдың болуына көбіне тұрғындардың өздері себепші. Ішімдікке тойып алып, темекі шегеді немесе электр бұйымдарын өшіруді ұмытып кетеді.    

Қайыргелді Әлімхан, Өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұл дабыл көтеріп, тұрғындарға жаппай ескерту жасауымызға мәжбүр етіп отыр. Себебі, биылғы жылы пешті қыздыра жаққаннан иіс тиіп, қайтыс болған тағы екі адам бар. Ал, жылу маусымы басталғалы 25 адам қаза тапты. Яғни, үш айда 160-қа тарта өрт оқиғасы тіркелді.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу