Самат Тұрниязов мемлекет сеніп тапсырған бюджет қаржысын ірі көлемде жымқырып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Оған екі ай «қамауда ұстау» бұлтарпау шарасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің бөлім басшысы:
- Сотқа дейінгі тергеу органымен ол өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті бірнеше рет, аса ірі мөлшерде иемдену және талан-таражға салу жолымен жымқырды деп күтіктелуде. Тергеу амалдары жалғасуда.
Ж.ТЕМІРҒАЛИЕВ