Астанада алдағы екі күнде қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алдағы екі күнде қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал

08.01.2018

Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» ақпараты бойынша алдағы күндердегі ауа райына қатысты ескерту жасады.  Атап айтсақ, Астанада алдағы екі күнде  қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. 11-14 қаңтарда елордада жел соғады, кей уақыттарда оның  екпіні 15-20 метр секундқа жетуі ықтимал. «Қазгидромет» еліміздің өңірлеріне қатысты да дабылды ескерту жасады.

Қаңтардың 12-не дейін Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Сондай-ақ, осы айдың 8-нен 10-на дейін  Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеймек. Ал, Атыраудың өзінде бүгін-ертең  тұман мен көктайғақ болады. Қостанай облысында да желдің ұйытқуы 15-20 метр секундқа дейін жетіп, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы бойынша жауын-шашын жауып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метр-секундқа дейін күшейеді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу