Қызылордада жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары Сырдария аудандық емхана жұмысымен танысып, дәрігерлермен кездесті. Емдеу мекемесі былтырдан бастап ауруханалық қызметті қоса атқару тәжірибесіне көшкен. Яғни, аурудың алдын алудан бастап, ем-дом мен операция жасауға дейінгі шаралардың барлығы бір ғимаратта жүзеге асырылады. Құрал-жабдық жеткілікті. Мамандар толық. Дәрігерлермен кездескен депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығы туралы да айтты.
Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ауысымына 250 адам қабылдайтын, 81 дәрігері бар үлкен орталық екен. Қазіргі заманның талабына сай барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ