Елбасы берген сый - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы берген сый

05.01.2018

Жаңа жыл - балалардың арманы орындалатын күн. Бұл сөз алматылық Медина Майсароваға арнап айтылғандай. Өйткені, Медина осыдан бір ай бұрын Мемлекет басшысына электронды хат жазып, өзінің арманы туралы айтып, күшік асырағысы келетінін жеткізген. Кішкентай қыздың арманын ескерген Елбасы оған «Снежа» атты француз бульдогын сыйға тартты. Негізі, Медина анасына мектептегі достарының бәрі үй жануарын асырайтынын айтады. Сондықтан, күшік алып беруін бірнеше рет сұраған. Бірақ, анасы өзі өскен ортада ит ұстамағанын айтып, қызының сөзіне аса мән бермепті. Ал, мереке күні Мединаның ерекше қуанғанын көріп қатты толқыпты. 

Медина Майсарова, оқушы:

- Мен Елбасына хат жаздым. Ғажайыптың болатынын үлкен үмітпен күттім. 31-желтоқсан күні Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы мен мектеп директоры қонаққа келді. Олар маған мына күшікті әкеп берді. Ол өте нәзік. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге менің арманымды орындағаныңыз үшін алғыс білдіремін. Мен оған жақсы қараймын. Сіз әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді Президентсіз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу