Өткен жылдың желтоқсан айында ашылған алюминий дискілерін шығаратын кәсіпорында 20 адам жұмыс істейді. Мұнда жылына 500-ге тарта дискі шығаратын екі станок орнатылған. Алдағы уақытта зауыттың қуаттылығын екі есе арттыру жоспарланып отыр. «Бұл экспорттық әлеуеті жоғары бірегей жоба», - деп атап өтті Мейрам Пішембаев. Депутаттың пікірінше, оңай балқитын өнімнің сапасы автокөлік шығаратын шетелдік компанияларды қызықтырады. Өйткені, дискі құюға арналған сұйық алюминийдің сапасы өте жоғары.
Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің Павлодар зауытында жылына 250 мың тонна алюминий шығады. Алдымыздағы 1-2 жылдың ішінде бұл өндіріс соның 50 мың тоннасын өндіріп, автоөндіріске қажет зат шығарады.
Болат АМАНБАЕВ