Қаңтар айы болғанымен Павлодар облысы аумағындағы Ертіс өзенін кесіп өтуге арналған өткелдер ашылған жоқ. Себебі, желтоқсанның ортасынан былай қарай күн күрт жылып, қар еріп кетті. Оның үстіне қатарынан үш күн жауын-шашын болды. Соның салдарынан Үлбі су қоймасынан Ертіске жіберілетін судың мөлшері 630 текше метрге жетті. Сондықтан, төтенше жағдайлардың алдын алу қызметі қос жағалаудан «жол жоқ» деген белгі қойып, өткелдерді жауып тастады.
Болат АМАНБАЕВ