Оралда мектепке Хиуаз Доспанованың есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда мектепке Хиуаз Доспанованың есімі берілді

03.01.2018

Ерлік – елге мұра. Орал қаласындағы №30 мектепке Халық қаһарманы, қазақтың даңқты ұшқышы Хиуаз Доспанованың есімі берілді.

Білім ұясындағы салтанатты жиында Хиуаз Доспановаға арналған бейнефильм көрсетіліп, соғыс ардагерлері естеліктерімен бөлісті. Жас буын батыр апасына арнап шығарған өлеңдерін оқыды. Хиуаз Доспанова - қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел. Ол әйгілі Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқасына қатысқан. Екі рет ауыр жарақат алса да, қайта сапқа қосылған. Оның ерен ерлігі кезінде ескерілмесе де, егемендік алғаннан соң ғана Халық қаһарманы атағы берілді. 

Хабарламаларға жазылу