Олардың орнына бірыңғай көліктік карталар қолданылады. Қала ішіндегі бағыттар бойынша тарифтің құны бұрынғыдай – 7500 теңге, елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердегі айлық тариф – 9500 теңге көлемінде қалмақ. Бұл электронды жүйеге толықтай көшудің маңызды кезеңі. Болжам бойынша, жаңа карталар уақыт өте келе жол ақысын төлеудің кең таралған құралына айналады. Қазірдің өзінде оны 100 мыңнан аса елордалықтар пайдаланып жүр. Ал, қағаз жол жүру билеттерін 4 мыңға жуық тұрғын қолданады.
Дәурен Нұралиев, «Астана LRT» ЖШС төлеу жүйелері департаментінің директоры:
- Бұл жүйе арқылы біз халықтың жылжуын, нақты ақшаның түсуін бақылай аламыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта көлеңкелі ақшаның көбейіп кеткені салдарынан осы жүйенің қалалық бюджетке берері, артықшылықтары көп болып табылады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ