Кей ережелер бойынша салынатын айыппұл азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кей ережелер бойынша салынатын айыппұл азаяды

29.12.2017

Биыл жол ережесін бұзғандарға 21 млрд. теңге айыппұл салынып, оның 63 пайызы өндірілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Сондай-ақ, өткен 11 айда жол апаты 5 пайызға азайып, қаза тапқандар 14 пайызға кеміген. Оң нәтижеге заң талаптарының қатаңдатылуы себеп. Мәселен, қазір машинасын мас күйінде басқарғандар көлік жүргізу құқығынан біржола айырылса, жылдамдықты шамадан тыс асырғандар екі еселенген айыппұл төлейді. Ал, кеше Елбасы қол қойған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес, 22 түрлі ереже бұзушылыққа салынатын айыппұл көлемі азаяды.

Нұрсейіт Әбішев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы:

- Мысалы, жылдамдықты оннан жиырмаға дейін асырған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-тен 5 АЕК дейін азаяды.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу