Ақын Светқали Нұржанның «Баба түкті боз дала» атты шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Светқали Нұржанның «Баба түкті боз дала» атты шығармашылық кеші өтті

28.12.2017

Қазақстанның төрт тарабынан ақын-жазушы, әнші өнерпаздар шайырдың шашбауын көтеріп келді. Олардың арасында қазақтың Иран Ғайыбы мен тарихшы Әнес Сарай, ақындар Гүлнәр Салықбай, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы  бар. 18 жылдан бері өткізіліп тұрған кеш жиналған халықтың рухын көтерді. Көмейіне бұлбұл қонған әншілер Елена Әбдіхалықова, Айгүл Қосановалар ақынның әндерінен шашу шашты. Ал, «Шабыт» фестивалінің лауреаты Гүлмира Сарина кеш иесінің «Көкірегім көне кітап сұр тысты» өлеңін тұңғыш рет орындады. Поэзия кешінің өтуіне мұрындық болған облыс әкімі Светқали Нұржанға темір тұлпардың кілтін табыстады.

Светқали Нұржан Айтманның таяуда 13 томдық шығармалар жинағы жарыққа шығады. 

Әнес Сарай, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:

- Қаламгердің әлі беретіні көп. Жүрегінің ыстығы әлі басылмаған. Жанының лүпілі кемімеген. Іштей пысып қайнап, ұзақ жылдар жетілген ақын.

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу