Қызылордада 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспана «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы арқылы салынған. Кезекте тұрған 230 адамға пәтер кілті табыс етілді. Олардың қатарында Руслан Арыстанбеков те бар. 3 балалы отбасы 3 бөлмелі пәтерге ие болды. Арыстанбековтер жанұясы енді Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алады.
Руслан Арыстанбеков, Қызылорда қаласының тұрғыны:
- Армандап жүрген баспанамызға қол жеткіздік. Осындай жастарға қолдау көрсетіп жатқанына рахмет айтамыз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ