Талдықорғанда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 23-ші сессиясы өтті. 2017 жылдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған жиын «Бірлік және келісім рухани жаңғыру негізі» тақырыбы аясында өрбіді. Жетісу жерінде 105 ұлт өкілі береке-бірлікте өмір сүріп, 70-тен астам этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Биыл Ассамблея құрамындағы кеңестер мен ұйымдар Елбасы мақаласындағы «Туған жер», «100 жаңа есім» және «Қазақстанның киелі географиясы» сынды шағын бағдарламаларды үйлестіруге атсалысты. Өңірлерді аралап, тың деректерді жинады. Ауылдарына мектеп, балабақша салып, туған өлкелерін көркейтуге үлес қосуда.
Ғабит Тұрсынбай, Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:
- «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» атты үлкен экспедиция ұйымдастырылып, Жетісудің киелі жерлерінің есебі жасалып, ол жерлер туралы аңыз-әңгімелер жинақталды. Ол жөнінде алғашқы кітап жарық көрмекші. Келесі жылдан бастап екінші кезеңінде мұны жалғастыратын боламыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ