«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» салымшылар үшін электрондық қызмет көрсетуді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» салымшылар үшін электрондық қызмет көрсетуді бастады

28.12.2017

Енді тұрғындар қордың бөлімшелеріне бармай-ақ, интернет арқылы керек құжаттарын ала алады.

Сондай-ақ, көпшілікке мамандар телефон, әлеуметтік желілер және қор порталындағы «Кері байланыс» пен «Онлайн-чат» арқылы тегін кеңес береді. Қоғамдық қабылдау қызметі де жұмыс істейді. Бұдан бөлек, басқарма төрайымының жеке блогына сұрақ қоюға болады. Осы күнге дейін блогқа 370-тен астам сауал жолданған. 

Қадыржан Забих, БЖЗҚ баспасөз қызметінің басшысы:

- Олар біздің салымшыларға қордың бөлімшелеріне келмей, осы электрондық қызметтерді пайдалану арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Сол сияқты цифрлық қолтаңбаның көмегімен үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шоттарын ашуға болады.

Руслан ҚОСАНОВ  

Хабарламаларға жазылу