Жаңа орталықта жүргізуші куәлігін рәсімдеу, емтихан сыныбы, медициналық тексеру кабинеті, дайын құжаттарды беру залы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы мен күту залдары бар. Жүргізуші куәлігін алу үшін мамандар арнайы медициналық тексеруден өткізеді. 15 минуттың ішінде медициналық анықтама беріледі. Жаңа орталықта автокөлікті тіркеу үшін 1 сағаттай уақыт қажет болса, жүргізуші куәлігін алу үшін бұрынғы 6 сағаттың орнына 2-ақ сағат уақыт жұмсалады. Сондай-ақ, куәлік алуға келген адамдар практикалық емтиханды осы жердегі автоматтандырылған автодромда тапсырады. Ол арнайы құрылғымен жабдықталған. Ал, көлік бағаны өз бетінше қоятын, электронды бағалау жүйесімен жабдықталған.
Мадияр Арғынбаев, Аастана қаласының тұрғыны:
- ХҚКО-ға келдік. Бәрі жақсы. Бәрі жылдам. Ыңғайлы. Қызметкерлер де жақсы. Жылдам алдық нөмірді. Қуаныштымыз. Астанадан келдік. Бір күнде келіп нөмір алып, кетіп бара жатырмыз.
Ермек ЕЛБЕРГЕН