Таразда «Кәсіпкер үйі» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Кәсіпкер үйі» ашылды

27.12.2017

Жамбылдық бизнесмендерге -  жаңа мүмкіндік. Таразда «Кәсіпкер үйі» ашылды. Қос қабатты ғимаратта қызметтің 50-ге жуық түрі көрсетілмек. Бұл өңірдегі іскер топ өкілдері үшін қолайлы болмақ. Қызмет көрсету орталығы өз ісін жаңадан бастағандарға жол сілтейді. Сонымен қатар, әр сала бойынша кәсіптің тұтқасын ұстаған азаматтарға инвестжобаларды дайындау, жүргізу жолында қолдау жасайды. Кәсіпкерлер ісінің тиімділігін бағалау мен сараптама жүргізуге де мүмкіндік алып отыр. Бір сөзбен айтқанда, «Кәсіпкер  үйі» бизнес пен билік арасындағы тиімді байланыс орталығына айналмақ.

Шәкербек Мәріпбек, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облыстық филиалының директоры:

- Кәсіпкерлер бұдан бұлай жүгірмейді. Бір терезе қағидасы бойынша Үкімет тарапынан көрсетілетін қызметтің бәрін бір жерден ала алады.

 

Ж. Саңғыл

Хабарламаларға жазылу