1-қаңтардан бастап елімізде жаңа Кеден кодексі күшіне енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1-қаңтардан бастап елімізде жаңа Кеден кодексі күшіне енеді

26.12.2017

Құжатты 5 жыл бойы сала мамандары мен бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірігіп жазған. Бұл Кодекстің басты ерекшелігі - қағазбастылық азаймақ. Енді декларацияны интернет арқылы толтырып, 15-20 минутта рұқсат алуға болады. Кәсіпкерлерге тағы бір жеңілдік. Кедендік баждарды кейін немесе бөліп төлеу мүмкіндігі пайда болмақ. Яғни, 1 айдан 6 айға дейін уақытты создыруға болады. Бұл маңызды құжат Еуразиялық экономикалық одақ аумағында алыс-беріс пен барыс-келісті оңтайлы жүргізуге бағытталған.

Ботагөз Хамидуллина, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кеден және салық саясаты департаментінің директоры:

- Барлық 5 ел үшін бірдей транзиттік операциялар жүргізілетін болады. Бұрын транзит өту үшін 24 сағат керек болса, қазіргі таңда 4 сағатқа дейін қысқартылды. Ол айтарлықтай жеңілдік. Себебі, артық сағат тұрмайсыз.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу