Францияның Қазақстандағы елшісі Алматы облысының басшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның Қазақстандағы елшісі Алматы облысының басшысымен кездесті

22.12.2017

Бүгін Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ Алматы облысының басшысымен кездесті. Мақсат - жаңа инвестициялық жоба көздерін қарастыру. Облыс әкімі Амандық Баталов Жетісу жерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын таныстырып, қай салада бірлесе жұмыс істеуге болатынын баяндап берді. Ал, Франция елшісі Алматы облысы арқылы Қытай нарығына шығып, Алатау бөктерінде тау шаңғысы және басқа да экстремалды спорт түрлерін дамытуға қызығушылық танытты. Бұдан бөлек, қазақ жастарын Францияда оқытып, туризм саласын түрлендіруге үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді. 

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- «Нұрлы жол» және «Жаңа жібек жолы» жобалары аясында мол мүмкіндіктер бар екенін жақсы білеміз. Себебі, Қытай елі үлкен нарық көзі. Әлемдегі барлық алманың отаны ол Алматы облысы. Сондықтан, жеміс-жидек өңдеуді бірге жоспарласақ деп отырмыз. Ал, өңірдің табиғаты туризмнің кез келген түрін дамытуға қолайлы. Сондықтан, біз тәжірибемен бөлісіп қана қоймай, жаңа тың инвестициялық жобалар ұсынғымыз келеді.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу